Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы жас әртістері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында

Қазақ ұлттық хореография академиясы шәкірттері Алматы қаласында концерттік бағдарлама ұсынды.

Кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты және дарынды балалар Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен іс-шара ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды.    

Ресей халық әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Асылмұратова жетекшілік ететін Қазақ ұлттық хореография академиясы Алматы қаласы көрермендерінің назарына әлемдік классикалық балеттің інжу-маржаны болып табылатын хореографиялық нөмірлер, қазақстандық және шетелдік хореографтардың заманауи қойылымдарын ұсынды. 

Академия шәкірттері «Дон Кихот»,  «Гаянэ»,  «Қуыршақтар феясы», «Корсар», «Ұйқыдағы ару», «Коппелия» балет қойылымдарынан үзінділер және тағы басқа қойылымдарды көрсетті.

Табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін көктемнің алғашқы күндері Академияның талантты жас әртістерінің Алматы қаласында концерт өткізуі жылдан-жылға жақсы дәстүрге айналды. Бұл іс-шара еліміздегі хореография өнерін дамыту және оны көпшілікке таныту үшін аса маңызды.   

 

 

Яндекс.Метрика