Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ пандемия кезеңінде оқу процесін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастыру туралы

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ (бұдан әрі – Академия) білім алушыларының, педагогтерінің және басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында,  жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы» бұйрығының негізінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап техникалық және кәсіптік білім берудің 2-деңгейінде (1-3 курстар), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесі қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып жүзеге асырылуда.

Оқу процесін ұйымдастыру барысында жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беру деңгейлері бойынша «Platonus»,  техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде «ArtaLearning»  ақпаратты-автоматтандырылған жүйесі қолданылады.

Сонымен қатар, видеоконференция өткізу үшін  Polycom жүйесі, Skype, ZOOM электронды платформалары және электронды почта, whatsapp чат қолдану арқылы онлайн-дәрістер, видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, чат-сабақтар өткізілуде. Оқытушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үй жағдайында қашықтықтан жұмыс атқаруда.

Приказ 52. 16.03.2020.
Руководство пользователя «Обучающийся» по модулю «ЗАДАНИЯ»
Platonus v.5 – инструкция пользователя «Преподаватель» – Модуль «Задания»

Яндекс.Метрика