Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы 2020-2021 оқу жылына 1-4 сыныптарға балаларды қабылдайды

Балаларды алдын ала қарау 2020 жылғы 4 ақпан мен 5 мамыр аралығында әр сейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін, бейсенбі күні сағат 15.30-дан 17.30-ға дейін жүргізілетін болады. Жазу 20 қаңтардан бастап: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі (түскі үзіліс сағат 13.00-14.00).

Алдын-ала қарау баланың дене мүсіні мен физикалық мәліметтерінің пропорциясын бағалауды қамтиды. Алдын ала қарауда іріктелген балалар Академияға түсу емтихандарына шақырылады.

Қала: Нұр-Сұлтан
Орны: Қазақ ұлттық хореография академиясы, Ұлы Дала даңғылы, 9, Балет корпусы (Ботаникалық бақ жағынан кіру)
Балаға арналған киім формасы: іш киім/плавки. Қыздарға шашты жинау керек.
Күні: алдын ала жазылу бойынша 2020 жылғы 4 ақпаннан 5 мамырға дейін
Уақыты: әр сейсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін, бейсенбі сағат 15.30-дан 17.30-ға дейін
Қарауға алдын ала жазылу: 20 қаңтардан бастап: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.00).
Алдын ала жазылу үшін телефондар:
8 (7172) 79-85-89, 8 (7172) 79-85-58.

Яндекс.Метрика