Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық биі зертханасы

2020 жылғы 24 қаңтарда хореография және өнер факультеттерінің 1 курс студенттері, 2019 жылы Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында құрылған, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанқызы жетекшілік ететін Қазақ ұлттық биі ғылыми-әдістемелік зертханасының таныстырылымына барды.    

Академияның ғылыми-әдістемелік қазақ биі зертханасының қызметі заманауи үрдістерді сақтау және ұлттық хореографияны дамыту саласындағы ғылыми жобаларды құруға бағытталған. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау, Республикамыздың, ТМД елдерінің және алыс шетелдің шығармашылық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, қазақ этносы би мәдениетінің тарихын зерделеу бойынша ғылыми база құру және білім беру процесінің қазақ биі оқытылатын әртүрлі деңгейлерінде (техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім) қазақ биін оқыту әдістемесінің бірыңғай стилін анықтау көзделеді. 

Қазақ биі зертханасы профессорлық-оқытушылар құрамының, бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары білім алушыларының ұлттық би мәдениетін терең зерттеу және талдау бойынша күшін біріктіруге арналған. Әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысу ғылыми-шығармашылық зертхананың нәтижесін көрсететін болады. Зертхананың негізгі міндеті бүгін қазақ биі сөздігі мен терминологиялық аппаратын (үш тілде және оның латын қарпіндегі транскрипциясы) әзірлеу болып табылады, осы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының қазақ биі оқытушылары жұмыс жүргізуде. 

Яндекс.Метрика