Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ халық биі ұжымдарының шығармашылығы туралы онлайн дәріс

Мамырдың 7-і күні сағат 12:00-де халық би өнері қай бағытта дамып келе жатқаны туралы толық ақпарат беретін «Қазақстан би ұжымдарының шығармашылығы» атты дәріс өтеді. Оған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік еңбек сіңірген ән-би (қазіргі «Салтанат» би ансамблі) ансамблінің қосқан үлесі қарастырылады. Сонымен қатар Мемлекеттік «Алтынай» халық би ансамблінің қазақ биінің дамуына қосқан еңбектері тілге тиек етілмек. Егеменді елдің Елордасының рухани қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған Мемлекеттік «Наз» би театрының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің академиялық филармониясы жанынан құрылған «Шалқыма» би ансамблінің шығармашылық даму жолын, олардың концерттік бағдарламаларына шолу көзделген.

Дәріс беруші: Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанқызы.

Яндекс.Метрика