Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ата-аналар мен балалар: Ынтымақтастық немесе бәсекелестік?

2020 жылғы 24 сәуірде тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі жасөспірімдерге арналған “Ата-аналар мен балалар. Ынтымақтастық немесе бәсекелестік?” атты онлайн тренинг өткізді. Онлайн тренинг Zoom платформасында өтті.

Тренинг барысында ата-аналар мен балалар арасында туындайтын келіспеушіліктердің себептері анықталды. Жанжалдарды шешудің негізгі стратегиялары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, жасөспірімдерге жанжал жағдайынан шығудың конструктивті жолын көрсететін алгоритм ұсынылды.

Онлайн тренингтің практикалық бөлігінде оқушыларға жанжалды жағдай мысалы ұсынылып, кейіпкерлердің жанжалды шешу кезінде қандай стратегияны қолданғанын анықтау тапсырмасы берілді.

Тренинг барысында тақырыпқа сәйкес қызықты бейнероликтер пайдаланылды.

Яндекс.Метрика