Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ата-аналарға интернеттегі қауіпсіздік туралы ақпарат

Бүгінгі таңда өмірді Интернетсіз және әлеуметтік желілерсіз елестету мүмкін емес. Интернет – бұл өзін-өзі дамыту және қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын үлкен мүмкіндіктердің виртуалды әлемі. Балалар мұндай виртуалды әлеммен ерте кезден танысады, ал жасөспірім кезінде онда бірнеше сағат бойы «жоғалып кетеді».

Қазіргі таңда еліміздің барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкендіктен, студенттердің интернетте, әлеуметтік желілерде және жедел хабарламаларда артық уақытты жұмсау мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола бастады. Ата-аналар балаларына қашықтықтан оқыту жағдайында белсенділіктерін жоғалтпауға және оларды виртуалды әлемнің түрлі қауіптерінен қорғауға қалай көмектесе алады?

  • Интернетті және жедел хабарларды (WhatsApp, Telegram, Viber) пайдалану уақытын шектеңіз. Балаларыңыздың оларды түн жарымына дейін қолданбауына көз жеткізіңіз. Виртуалды әлемде ұзақ уақыт өткізу студенттің денсаулығына кері әсер ететінін ұмытпауыңыз керек.
  • Балаларыңызға уақыттарын жоспарлауға көмектесіңіз. Сабақтан қалмау үшін ұйықтауға уақытында жату керек. Үйден оқу оларды босаңсытып жібергенін мойындауымыз керек. Алайда студенттердің әлі оқу процесінде екенін ұмытпаған жөн. Сабақтарды өткізіп алып, артынан қысқа уақыт ішінде ұзақ уақытты қажет ететін тапсырмаларды орындауға тырысу қажет емес.
  • Көбіне ішкі қанағаттанбаушылық студенттерді «өздерін түсінетін және көмектесетін» адаммен байланыс іздеуге мәжбүр етеді. Әлеуметтік желіде «мейірімді көмекші» бейнесінде қаскүнем адамды кездестіру қаупі бар. Жастардың жетекшілері адамға психологиялық әсер ету әдістеріне ие болған жабық топтарға түсіп қалу жағдайлары ең қауіпті. Көбінесе мұндай топтардың мақсаттары қылмыстық болып табылады. Мұндай қауіп-қатерлерден құтылуға отбасындағы өзара түсіністік көмектеседі. Оның құштарлығына, алаңдаушылықтарына қызығушылық танытыңыз. Сізге маңызды емес болып көрінетін жағдайларда да көмектесуге тырысыңыз. Сонда ол сіздің қолдауыңызға сенімді болып, оны сырттан іздемейді.
  • Интернеттегі заманауи алаяқтық схемалар туралы білуге ​​тырысыңыз. Жастайынан ақпарат әлемінде өмір сүріп келе жатқан қазіргі жастар интернеттегі қауіп-қатерлер туралы өздеріде көп нәрсе біледі. Бірақ бұл жеткіліксіз. Балаларыңызды қауіпсіздендіру үшін білгеніңізбен бөлісіңіз.
  • Әлеуметтік желілер арқылы жеке ақпарат жиі жайылып кетеді. Балаларыңызға олардың хабарлары мен фотоларын мүлдем бөтен адамдар көріп қоюы мүмкін екендігін ескертіңіз. Олардың құпиялылық параметрлерін пайдаланып дәлдей алатынына көз жеткізіңіз.
  • Расталмаған көздерден сәйкессіз мәтінді, кескіндерді немесе бейнелерді таратуға немесе біреулерден алып таратуға байланысты өздері мен басқаларға тигізетін қауіп пен зиянның балаларыңыздың түсінетініне көз жеткізіңіз. Ата-ана балаларына 18 жасқа толмаған адамдардың, өздерінің немесе басқалардың, сексуалдық немесе жалаңаш суреттерін таратуы балалар порнографиясын сақтау және тарату болып саналатынын түсіндіруі керек. Ал бұл өз кезегінде әлдеқайда ауыр салдарға әкеледі.
  • Интернетте аталмыш «Өлім топтары» (Көк кит және т.б.) үлкен қауіп төндіреді. Бұл әлеуметтік желілердегі нәтижесі өзіне-өзі қол жұмсауға әкелетін жасөспірімдер ойнайтын өзіндік ойын топтары.

Сіздің балаларыңыз деструктивті топтардың, өлім топтарының ықпалына түспеуі үшін олармен «жақсы» мен «жаман» туралы сөйлесу керек. Балаларыңызды сын тұрғысынан ойлануға үйретіңіз. Олар әр ақпаратты өз бетінше сүзгіден өткізіп, оны талдай алуы, өз пікірін құра алуы керек. Мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылаңыз. Оқу үлгерімінің күрт төмендеуі, музыкалық қалауының, тілдесу ортасының өзгеруі, жаңа құмарлықтың пайда болуы – бұның бәріне мұқияттықпен қарап, баламен сөйлесу керек. Алайда балалардың жеке шегін бұзбаңыз, олардың хат-хабарларын оқымаңыз және әлеуметтік желілердегі топтарды тексермеңіз. Балаңызға сіздің оны қандай болса да, барлық ауыртпашылықтармен, кемшілектерімен қабылдайтыныңызды түсіндіру маңызды. Егер сіз басқарып қана қоймай, балаңыздың өміріне шын жүректен қызығушылық танытсаңыз, егер екеуіңіздің араңызда сенімді қарым-қатынас болса, ол сізге өзі-ақ барлығын айтып беретін болады.

  • Тағы бір қауіп – интернетке тәуелділік. Адам өзгенің барлығына қызығушылығын жоғалтып, барлық уақытын интернетте өткізеді. Интернет пайдалануын шектеу әрекеттері ата-анасымен ұрысқа және қорқытуға әкеледі. Бұл тәуелділіктің белгісі. Егер студент интернетке тәуелді бола бастаса, оны өзінің ықыласынсыз емдеу мүмкін емес. Оған жеткізбеген жақсы. Егер балаңыздың интернетте көп уақыт өткізетінін байқасаңыз, оның көңілін гаджеттерсіз аулауға тырысыңыз. «Интернет детокс» – виртуалды шындықтан бас тартудың отбасылық күндерін ұйымдастырыңыз. Бұл пайда болған бос уақытты бірге пайдалы және қызықты өткізуге көмектеседі.

Жоғарыда келтірілген ұсыныстар отбасындағы жақсы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Қарапайым тілдесу арқылы көптеген проблемалардың алдын алуға болады. Алайда, кейде ата-аналар өздерінің ересек  балаларымен қалай сөйлесе алатынын білмейді. Ондайда келесі кеңес беруге болады: «олармен жаңа ғана танысқан адаммен сөйлескендей сөйлесіңіз». Мұндай тактика балаларыңызды жеке тұлға ретінде көруге, оларға өздерін  ересек адам сияқты сезінуге көмектеседі. Жиі ата-аналар балаларына көмектескісі келіп, оларға ақыл айтып кетеді де, ал ол өз кезегінде есейіп кеткен балалардың титығына тиеді. Өзіңіздің алаңдаушылықтарыңыз туралы, балаларыңызды жіберген қандай қателіктеріңізден құтқарғыңыз келетінін айтып көруіңізге болады. Бұл сенімді байланыс орнатуға көмектеседі. Кейбір балалар ата-анасымен сырласып сөйлесуге қорқады. Мүмкін сіздің алғашқы қадамыңыз жаңа бір нәрсенің бастамасы болар.

Яндекс.Метрика