Қабылдау комиссияларының байланыстары

Астана Балет театры сыншылар мен көрермен көзімен

Қазақ ұлттық хореография академиясында 2019 жылдың 17 қазанында «Астана Балет театры сыншылар мен көрермендер көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Пікірталастың мақсаты Астана Балет театрының қазіргі қоғамдағы әлеуметтік және мәдени феномен ретіндегі анықтамасы және қазақстандық хореография өнерінің әлемдік мәдени процеске кірігуі аспектісінде сыншылар мен көрермендер тарапынан оның көркемдік қызметін талдау болды.

Дөңгелек үстелге сарапшылар ретінде қатысқандар: Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Б.Н. Нусипжанова; Астана Балет театрының директоры А. А. Совостьянов; Хореография академиясының тәрбие жұмысы жөніндегі директоры А. Т. Алишева; Астана Балет театрының бас балетмейстері М. С. Абубахриева; Астана Балет театрының балетмейстер-қоюшысы А. А. Тәти; Хореография режиссура кафедрасының профессоры Т.О.Ізім; Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Т. Жумасеитова; Астана Балет театрының PR, маркетинг және жарнама қызметінің маманы Б.Орынбаева. Дөңгелек үстел модераторы өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, балет сыншысы Ф.Б.Мусина болды. Пікірталасқа оқытушылар, Өнер және Хореография факультеттерінің студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Пікірталас барысында ұлттық хореографияны дамыту, театр мен хореография академиясының шығармашылық өзара іс-қимылы, театрдың репертуарлық саясаты, оның халықаралық аренадағы танымалдығы, ұжымның гастрольдік картасының географиясы, еліміздің ең жас және серпінді дамып келе жатқан балет театрының жоспарлары мен келешектері бойынша мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел Астана Балет және Қазақ ұлттық хореография академиясы арасындағы шарт аясында өтті, мақсаты – Академия студенттерін ғылыми және шығармашылық қызметке тарту.

«Астана Балет театры сыншылар мен көрермендер көзімен» тақырыбындағы дөңгелек үстел спикерлерінің сөйлеген сөздерінің толық мәтіндері Arts Academy ғылыми журналында және Қазақ ұлттық хореография академиясы сайтында жарияланатын болады.

Іс-шара Өнер факультеті ұйымдастырған «Өнер лаб» студенттік ғылыми-шығармашылық зертхана қызметінің аясында өтті.

Яндекс.Метрика