Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Қасиетті жерлер – рухани байлығымыз” постерлер байқауы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті республикалық ЖОО студенттері, магистранттары және докторанттары арасында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарла­маларын жүзеге асыру мақсатында «Қасиетті жерлер – рухани байлығымыз» атты постерлер байқауын жариялайды.

Байқау мақсаты: жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін, кәсіпкерлік және патриоттық рухын  дамыту, туған жерінің дамуындағы өз үлесін сезіну дағдыларын қалыптастыру.  

Байқау бағыттары:

  • Бәрі өзіңнен басталады!
  • Мен туған өлке (туып, өскен ауылдың өзекті мәселелері)
  • Мен мақтан тұтар ұлы тұлға (өз өңірінен, ата-бабасынан шыққан, қазақ халқының дамуына үлес қосқан тарихи есімдерді таныту)

Байқау шарттары:

  • туған жерін, ауылын, қаласын дамытуға қатысты әлеуметтік жоба әзірленеді;
  • жоғарыда аталған әлеуметтік жоба бойынша  постер дайындалады;
  • 10 сәуір күні іріктеуден өткен постерлерді ұйымдастырушыларға ұсыну (60х40 см өлшемді, ПВХ-материалында);
  • 11 сәуір университеттің жазғы алаңында постерлер галереясы ұйымдастырылып, жобалар қорғалады.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

  • І кезең: қатысушыларды іріктеу – 15- 25 наурыз айында әрбір  университет базасында өтеді. Әр университет бір үздік жобаны ұсынады.
  • ІІ кезең: 2020 жылғы 11 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында өтеді.

Байқау ережесі
Өтінім үлгісі

Яндекс.Метрика