Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ашық есік күні

Егер сен мектеп немесе хореографиялық өнер бейіні бойынша колледждің түлегі болсаң, спорттық бал билерімен айналыссаң, өнер тарихымен әуестеніп, арт-жобалармен айналысып және жоғары білім алғың келсе, онда сені Қазақ ұлттық хореография академиясында күтеміз.

 Бұл күні талапкерлер үшін Академия бойынша экскурсия, “Хореография”, “Өнер тарихы мен теориясы”, “Режиссура” және “Арт-менеджмент” білім беру бағдарламаларының таныстырылымы және басқа да көптеген маңызды  іс-шаралар өткізіледі.

«Хореография»  білім беру бағдарламасы тобын таңдаған талапкерлер үшін ашық есік күні аясында шебер-класс ұйымдастырылады. Осыған байланысты талапкерлер арнайы киім түрін ала келуі тиіс:

  • хореография сабақтарына арналған жұмсақ классикалық аяқ киім;
  • арнайы би киімі (купальник), трико және белдемше, жинақы жиналған шаш (қыздар үшін);
  • футболка және трико (жігіттер үшін).

 Байланыс телефон номерлері: 8 (7172) 790-843 / 790-856 / 790-868

Яндекс.Метрика