Қабылдау комиссияларының байланыстары

Арт-терапия бастауыш сыныптарда

Академия тәрбиеленушілері өздерінің шығармашылық әлеуетін тек би өнерінде ғана іске асырып қоймайды. Бастауыш сыныптардан Академия оқушылары арт-терапиямен айналысады.

Арт-терапия психоэмоциялық алаңдаушылықты төмендетудің тиімді әдістерінің бірі. Сонымен бірге, арт-терапия өзін-өзі тануға, рефлексияға септігін тигізеді. Шығармашылық әлеміне ене отырып, балалар өз эмоцияларын, сезімдерін суретте көрсете білуге үйренеді.

Төменгі буын оқушыларымен «Менің көңіл-күйім» тақырыбында арт-терапия сабағы өткізілді.
2 және 3 класс оқушылары өздерінің көңіл-күйін сурет беттерінде бейнеледі.
Назарларыңызға Академия тәрбиеленушілерінің, 2 және 3 класс оқушыларының жұмыстарын ұсынамыз.

Яндекс.Метрика