Қабылдау комиссияларының байланыстары

Антон Луковкин: петербург мектебі және еуропалық тәжірибе

Қазақ ұлттық хореография академиясының классикалық би оқытушысы А.М. Луковкинмен сұхбат

Бірінші қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жаңа оқу жылын классикалық би оқытушысы Антон Луковкинмен бастады.
Антон балет бойынша тамаша білім алған, оның қызметтік тізімі ауыз толтырып айтарлықтай: А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясын бітіргеннен кейін (Е. Щербаковтың класы) Мария театрына қабылданды, мұнда келгеннен бастап жеке партияларды билей бастады және тез арада озықтардың қатарына қосылды. 2007 жылы ол Ағылшын Ұлттық Балетіне солист ретінде қосылды. Мұнда ол классикадан заманауи балетке дейін әртүрлі репертуарларды орындады. Өзінің шығармашылық қызметінде Джон Ноймайер, Уильям Форсайт, Рассел Малифант, Акрам Хан, Дэвид Доусон және Алексей Ратманский сияқты әлемдік жетекші хореографтармен жұмыс істеді. 2004 жылы биші Мәскеуде Benois de la Danse Awards жүлдесіне ұсынылды, ал 2011 жылы Ағылшын Ұлттық Балетінің «People’s Choice» жүлдесіне ие болды.
Оның қызушылық деңгейі де репертуары сияқты әрқилы: Лондондағы Danceworks-та классикалық биден сабақ берді, киноға түсті, опера спектакльдері режиссерінің ассистенті болып жұмыс істеді, өзінің жеке хореографиялық қойылымдарын жасады. Міне енді, Қазақстанға келді. Дегенмен, бұл оның өмірде қабылдаған батыл шешімдерінің бірі.

А. Луковкин 1 курс студенттерімен классикалық би сабағында.
Фотограф А. Некрасов

– Санкт-Петербургтан Лондонға кету туралы шешімді қалай қабылдадыңыз? Бұл саналы таңдау ма әлде түрлі жағдайлардың тоғысуы ма?

– Мүмкін, екеуі де аздап болған шығар. Лондонға алғаш рет 2000 жылы Мария театрымен гастрольдік сапарға шыққанда бір көргеннен ғашық болдым. Әуежайдан бізді қала орталығына алып келді, сонда мен: «Менің осында тұрғым келеді!» дедім. Бірақ біраз жылдар өтті, 2006 жылы мені Ағылшын Ұлттық Балетіне класпен айналысуға шақырды. Мен Лондонға келдім, класс жасадым, маған Ағылшын Ұлттық Балетінің труппасымен келісімшарт ұсынды. Міне, осылайша бұл саналы таңдау да, сонымен қатар және түрлі жағдайлардың тоғысуы болды.

– Алғашқы кезде әріптестермен қарым-қатынаста қиындықтар туындады ма?

– Сіз білесіз бе, жоқ. Себебі Батыста жеке басының ісі кәсіби салаға кірмейді. Маған ұнағаны, мұнда адамдар жұмыстан кейін кәдімгі өмірдегі нәрселер туралы айтады – тамақ, фильм, кез келген тақырыпқа, тек жұмыс туралы емес. Шынында, бұл психологиялық тұрғыдан алған жақсы ұстаным. Маған үйренуге тура келді, бұл тез пайда болған жоқ.

– Сіз Ағылшын Ұлттық Балетінде өте үлкен репертуармен биледіңіз. Бірақ партиялардың ішінде Сізге ең қатты ұнайтын еді?

– Үйреншікті нәрсе айтайын, бірақ өзің жұмыс жасайтын кез келген партия ең сүйікті партияға айналып кетеді. Егер ол саған ұнамаса, онда онымен көрермен алдына шығу қажет пе деп ойлану қажет. Шынын айтсам, әрқашан армандаған және билегім келген партиялар болды – бұл «Жизельдегі» Альберт, «Видение розы», «Петрушка», «Послеполуденный отдых фавна», «Шопениана» – бұл менің ең сүйікті бес партиям. Мен өз арманымды жүзеге асырдым.

Алайда, мансабымда мен мүлде күтпеген рөлдер де болды.Мен оларды қалай орындайтынымды түсінбедім және санамда бұл менікі емес деген ой тұрды. Бірақ артынан бұл әбден менікі болуы мүмкін екендігіне көзім жетті. Мысалы, Ролан Петидің «Юноша и смерть» қойылымы. Алдында көп ойландым: «Бүлдірмей және жаңадан жасамай бұл рөлді қалай сомдасам болады?» Бірнеше апта өткеннен кейін мен бұл рөлдің менікі екендігін түсіндім!

А. Луковкин Михаил Фокиннің «Видение розы» балетінде
Фотограф Amber Hunt

А. Луковкин Михаил Фокиннің «Видение розы» балетінде
Фотограф Amber Hunt

– Орыс және ағылшын балетінің техникаларында айырмашылық бар ма?

– Жалпы айтқанда, ұқсас, бірақ ағылшын мектебі жылдамдығымен ерекшеленеді. Әсіресе, аяқ техникасы. Мұның тездігі сонша, басында мен таңғалдым: «Мұны қалай істеуге болады?!» Бірақ мұндай жылдамдыққа біржарым аптаның ішінде үйреніп кеттім.

Айтарым, менің орындауымда да бірнеше басымдылықтар болды – мен Ваганованың мектебін бітірдім ғой, қолдар. әдістер. Өз өзімді мақтағанды ұнатпаймын, өзімді бағалаймын, бірақ мақтамаймын. Бірақ мектептің аты мектеп және ол шынында әлемдегі ең үздік мектеп.

– Ал Қазақстанға келу шешімін қалай қабылдадыңыз?

– Басында мені мұнда Алтынай Абдуахимовна Асылмуратова Хореография академиясында шеберлік кластар өткізуге шақырған болатын. Ол солардың бірнешеуіне қатысып, орынды ескертпелер жасады, кеңестер берді, біраз уақыт өткеннен кейін маған Қазақ ұлттық хореогарфия академиясында жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Ректор: «Маған петербург мектебінен шыққан және еуропалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушы керек» деп өз таңдауын дәйектеді. Қазір мен орта және жоғары кластарға, сондай-ақ актерлік шеберліктен сабақ беремін.

– Классикалық биді оқытудың ерекше бір әдістемесін қолданасыз ба? Өзіңіздің жеке тәжірибеңіз?

– Мен Ваганова атындағы академияда үйренгенімді пайдаланамын, және кәсіби өмірде өзіме қажет болған нәрселерді, сондай-ақ Англияда алған тәжірибемді қосамын. Бірақ педагог ретінде мен үшін ең бастысы – баланы қажытпай, оған бәрін үйрету. Мен оқушыларға дауыс көтермеуге тырысамын. Бұл жерде бір-біріне сеніммен қарау керек. Сенім – бұл ең маңызды нәрсе.

А. Луковкин 1 курс студенттерімен классикалық би сабағында.
Фотограф А. Некрасов

– Сіздің Академиядан алған алғашқы әсеріңіз қандай?

– Ең тамаша! Айтыңызшы, қалай ұнамауы мүмкін?! Менің ойымша, бұл – оқу үшін жасалған жағдайлар бойынша әлемдегі ең үздік балет мектептерінің бірі. Студенттермен де жолым болды, оларды жұмыс істеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Олар класқа келгенде көздерінен ынта мен қызығушылықты көремін. Әрине, бәрі бірден болмайды ғой. Әйтпесе, не үшін оқимыз?

– Сіздің Академиядан алған алғашқы әсеріңіз қандай?
Фото А. Луковкин 1 курс студенттерімен классикалық би сабағында.
Фотограф Сергали Бакиров

 

– Сіздің биші ретіндегі шығармашылық жолыңыз шынымен оқиғаға толы әрі қызықты! Балетте өз жолын енді бастағандарға айтар тілегіңіз?

– Өздеріңізге және жасап жүрген істеріңізге сеніңіздер, қателесуден қорықпаңыздар. Қате болмаса прогресте болмайды. Қателер ұмытылады, ал біз тек алға жүреміз және одан сайын күшті бола түсеміз. Оқушы өз ұстазынан асып түсуге тырысуы керек. Міне осы! Бұл менің ұстанымым.

Фото А. Луковкин 1 курс студенттерімен классикалық би сабағында.
Фотограф А. Некрасов

Антон Луковкинмен әңгіме қызықты болғаны соншалықты, біз көптеген нәрселер туралы сұхбаттар сериясын жалғастыруды жөн көрдік: балет әртісі қалай киноға түсті; оны неге опералық спектакльдердегі жұмыс қызықтырды; Фокиннің балеті және оның заманауи жұмысы туралы; Ваганова мектебінің құпияларымен және көптеген нәрселермен петербург мектебінен шыққан биші және педагог және еуропалық жұмыс тәжірибесімен Антон Луковкин бөлісуге дайын. Ақ пейілді және адамдармен тілдесуге дайын ол өз келісімін берді. Жаңа жарияланымдарды күтіңіздер!

Сұхбатты дайындағандар Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер факультетінің 3 курс студенттері Ғазиза Тасбулат, Арайлым Абдрахманова.
Ғылыми жетекші – аға оқытушы Мусина Флюра Борисовна.

Яндекс.Метрика