Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге, білім беру сапасын арттыруға, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға ықпал ететін оқытудың кредиттік технологиясына негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Оқытудың кредиттік технологиясының негізгі міндеті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы білім алушыларда оқу процесін регламенттеу шеңберіндегі білім беру траекториясын таңдау негізінде өзіндік ұйымдастыру және өз бетінше білім алу қабілетін дамытуға негізделеді.

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК-тың Академиялық саясаты (әрі қарай – Академиялық саясат) Академияда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқытуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Құжат Академияның сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатын, контингентті қабылдау және қалыптастыру саясатын, кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі ережелерін, модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу ережелерін, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу және жеке білім траекториясын қалыптастыру тәртібін; білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ережелерін; білім алушылардың практиканың барлық түрлерінен өтуін ұйымдастыруды; білім алушыларды ауыстыру, қайта қабылдау ережелерін; Академиялық адалдық ережелерін және т. б. қамтиды.

Академиялық саясат білім алушыларға, профессор-оқытушылар құрамына оқу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыратын Академияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Яндекс.Метрика