Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоспарының іске асырылуы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі және «Nur Otan» партиясының жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөніндегі жоспарды бекітті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың мақсаты – студенттердің бойында адалдық, азаматтық жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік сезімдерін тәрбиелеу. 

Осы жоспарға сәйкес Қазақ ұлттық хореография академиясында «Сенім жәшігі» орнатылған. «Сенім жәшіктері» балет корпусының бірінші қабатында, интернаттың 3-қабатындағы холлда, оқу корпусының 4-қабатында қойылған.

  «Сенім жәшігін» орнатудағы мақсат: жоғары оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, білім алушыларға проблемаларын шешу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық көмек көрсету, білім беру мекемесінің жұмысы туралы объективті ақпарат алу, сондай-ақ білім алушылардың, ата-аналардың және Академия қызметкерлерінің өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру.

«Сенім жәшігі» айына 4 рет (әр аптаның дүйсенбісі) Қазақ ұлттық хореография академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жауапты тұлғалардың қатысуымен ашылады.         

Түскен шағымдар, өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде журналға тіркеліп, қарастырылатын болады. 

 

Яндекс.Метрика