Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқушылары арасында фортепиано музыкасынан онлайн-фестиваль өттi

Музыка арқылы біз өзімізді
үлгілі өнерге бейімдеп өркендете
аламыз…
Музыканың шын мәнінде біздің
жан дүниемізді толқытып,
көңілімізді көтеруге құдіреті
әбден жетеді.

11-12 сәуірде фортепианолық дайындықтың әртүрлі деңгейіндегі Қазақ ұлттық хореография академиясының шәкірттері арасында онлайн режимде фортепиано музыкасының фестивалі өтті.
Академияның талантты әрі дарынды балалары, дарынды адам – барлық жағынанда дарынды деген ұғымды тағы да дәлелдеді. Барлық фестивальге қатысушылар музыка аспабында ерекше шабытпен ойнап, өздерінің өнерімен осы қатаң карантин күндерін нұрландырып, ұстаздарын қуанта білді.

Талантты жас әртістерге ашық аспан, зор денсаулық тілей отырып, барлық алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге тілектеспіз. Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімінің оқытушыларына, сондай-ақ Хореография академиясының бүкіл педагогикалық ұжымына шығармашылық табыс, қажымас қайрат және талантты шәкірттер тілейміз!

Яндекс.Метрика