Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алила Турсумбаевна Алишеваның кітабын көпшілікке таныстыру іс-шарасы өтті.

Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алила Турсумбаевна Алишеваның «Халық-сахналық би режиссурасының негіздері» атты оқу құралының таныстырылымы өтті. 

Оқу құралы хореография режиссурасы мен хореография педагогикасы мамандықтары бойынша шығармашылық оқу орындарының білім алушыларына арналған. Оқу-әдістемелік еңбектің мазмұны жас хореографтар үшін пайдалы болатыны сөзсіз. Автор хореография режиссурасы шеберлері мұрасының фундаменталдық ғылыми негізіне және өзінің практикалық-педагогикалық тәжірибесіне сүйенеді.

 

Яндекс.Метрика