Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир

2020 жылғы 31 қаңтарда Академия қабырғасында үстел теннисінен қызметкерлер арасында турнир өтті, оған барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Турнирге қатысушылардың саны көп болды, бұл Академияда тек тәрбиеленушілер ғана емес,  сонымен қатар қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатынын көрсетеді. 

Турнир қорытындылары бойынша 1, 2 және 3 орын алған жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, «Ең жасы үлкен ойыншы», «Турнир ханымы» және «Жеңіске жігері үшін» номинацияларының жеңімпаздары да ескерткіш сыйлықтарға ие болды.

Яндекс.Метрика