Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия түлектеріне диплом тапсыру рәсімі виртуалды форматта өтеді

2020 жылғы 27 маусым күні сағат 12.00-де Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтеді онлайн форматта өтеді. Биылғы Салтанатты рәсім ерекше болып табылады – COVID-19 пандемиясына байланысты алғаш рет цифрлық форматта ұйымдастырылмақ.

Виртуалды формат, Төтенше жағдайға қарамастан, студенттерге диплом табыстап, Академия қабырғасынан түлек ретінде бейне-сәлемдемелерін жолдап, қуанышты оқиғаны отбасымен бірге қашықтықтан тамашалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл Қазақ Ұлттық хореография академиясында 93 түлек оқуларын аяқтады.

Барлық түлектер мен қонақтар виртуалды диплом табыстау кешін онлайн форматта Академияның ресми YouTube каналында (balletacademy) тамашалай алады.

Яндекс.Метрика