Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия диетологының карантин кезінде тамақтану бойынша нұсқаулары

Құрметті ата-аналар!

Баланың отбасы мүшелерінен бөлек тамақтануы тым қиын, сондықтан отбасының жалпы рационын пайдалы және балансты тағамдармен өзгертуге кеңес береміз. Балалар көбінесе ересектердің әдеттерінен үлгі алады және дұрыс тамақтану да әдеттегі жағдай. Балаңызға дұрыс үлгі көрсетсеңіз, ол да сіздің  айтқаныңызды істейді. Балаңызға кішкентай кезінен бастап тамақтану мәдениетін үйретіңіз, есте сақтайтын жайт, бала өскен сайын оның тамақтану рационын қадағалау қиынырақ болады, ал бала кезден қалыптасқан әдеттер  сақталып қалады. 

Көбінесе табиғат беретін нәрселер ағза үшін пайдалы. Ет, балық, құс, сүт тағамдары сияқты өнімдерді үнемі пайдалануды ұмытпағандарыңыз жөн, себебі бұл өнімдерде баланың өсуі мен дамуы үшін қажетті ақуыздар бар. Балаңызға қатысты істе шынайы болыңыз және интернеттегі сарапшылардың ақыл-кеңестерін оқып, олардың біліксіз кеңестерінен зиян шекпес үшін қандай да бір өнімдерге қатаң шектеу қоймаңыз. Ең бастысы, балаңыздың денсаулығы маңызды. Кез келген уақытта дәрігердің көмегіне жүгініп, тамақтану мәселелері бойынша кеңес алуға болатынын естен шығармау қажет.

Сіздің білуіңіз үшін маңызды:     

Пайдалы таңертеңгілік ас – бұл кез келген сүт ботқасы, ірімшіктен жасалған тағамдар, жұмыртқадан жасалған тағамдар, балғын көкөністер, жемістер, кофе дәнінен жасалған сусындар, шай, какао. 

Пайдалы түскі ас жеңіл тамақтан, бірінші және екінші тағамнан, сондай-ақ десерт – сусын немесе жемістерден тұрады. Жеңіл тамақ ретінде балаға жаңа піскен көкөністерден жасалған тағам берген өте маңызды. Жаңа піскен көкөністердің сөлі көп бөлінеді, осының арқасында асқазан-ішек жолы калориясы аса жоғары тағамдарды қорытуға жақсы дайындалады. Атап айтқанда, көкөністерден жасалған жеңіл тамақтан кейін ақуыздың және басқа да тағамдық заттардың сіңімділігі жақсарады.

Балаларға арналған салаттарға қаймақ, өсімдік майын, жеміс шырынын қосуға болады. Көкөністер С дәруменіне, фолий қышқылына,  бетакаротиндер мен микроэлементтерге бай. Көжелерді көкөністер, жармалар, макарон өнімдерін қосып  көкөніс сорпасынан, сондай-ақ сүттен дайындауға болады. Сүйек және еті бар сүйектен жасалған сорпаларды аптасына 2-3 рет пайдаланған абзал. Екінші тағаммен балаңыз ет, құс еті, балық өнімдерінің тәуліктік нормасын көбірек алуы тиіс. Гарнир ретінде көкөністерді, жармаларды, макарондарды пайдалануға болады. Жаңа піскен жемістер немесе компоттар, қайнатпалар десерт ретінде пайдаланылады.  

Бесіндік ас жеңіл болу керек: сүт, ашытылған сүт өнімдері, піскен нан өнімі. 

Пайдалы кешкі астың құрамына көкөністен жасалған рагу, балық немесе құс еті, жармалар, ірімшіктен жасалған тағам кіреді және десертке жемістер беруге болады. 

Ұйықтар алдында бір стакан айран немесе басқа ашытылған сүт өнімін берген жөн, бұл қалпына келтіру процестеріне септігін тигізетін ақуыздың қосымша көзі. Бұдан басқа, бұл өнімдер ас қорытуды жақсартады және ауру тудырғыш және шіріткіш бактериялардың дамуын жояды.

Дене жаттығулары алдында тамақ ішпеу керек, себебі бұлшық еттердегі қан айналысы және көміртекпен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Сондай-ақ, денеге күш түсу процесінде тамақ асқазан-ішек жолының сөл бөлу қызметінің төмендеуінен толықтай қорытылмайды. Сондықтан тамақтанулар арасында және бұлшық еттердің қарқынды жұмыс жасауынан бұрын аэробты жүктемелер үшін 1,5-2 сағаттық үзіліс болуы керек. 

Таңертең аш қарынға ауыр дене жаттығуларын жасамауға болмайды, себебі бұл сағаттарда ағзаның көміртек қорлары төмендейді, ал бұл жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Жұмыс қабілеттілігін арттыру, таңертеңгі жаттығу алдында энергетикалық шығындардың орнын толтыру мақсатында қалпына келтіретін қоректік заттарды, атап айтқанда құрамында жеңіл сіңірілетін көміртек бар биологиялық құндылығы жоғары сусындарды (бал қосылған су, лимон қосылған су, жеміс қосылған су) ішу қажет, бұл олардың әлеуетті қуатын тез пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаттығулар кезінде, әсіресе, қарқынды жаттығулар кезінде ағза суды көп жоғалтады. Сондықтан жаттығудан кейін суды аз мөлшерде, 100-150 мл көлемінде, әр 15 минут сайын, шөл басылғанша ішкен жөн.

Жаттығу аяқталған соң тамақты кемінде 15-20 минуттан кейін ішуге болады.

Сіздің диетологыңыз,
м.ғ.к. Шайкенова Светлана Каригуловна

 

Яндекс.Метрика