Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторы (сектор) Академия базасында қосымша білім беру институтын дамыту және ілгерілету, сондай-ақ оның қызметкерлерінің өзін-өзі дамыту және кәсіби жетілдіру үшін жағдай жасау мақсатында құрылған.

Сектордың негізгі міндеттері:

  • Академия базасында тыңдаушылардың әртүрлі санаттарына топтық және жеке форматта қосымша білім беру бағдарламаларын тиімді іске асыру;
  • бөгде тыңдаушылардың кәсіби даярлығы мен біліктілігін арттыру мүмкіндігін беру;
  • Академия қызметкерлеріне олардың жаңа білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау не бұрын алған кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.

Instagram: @balletacademy_programs
Телефон: +7 (7172) 798 587, 798 582
email: Zhusupbekova_D@balletacademy.kz

Академия келесі қосымша ақылы білім беру бағдарламаларын ұсынады:
– балаларға арналған хореография бойынша топтық сабақтар (6-8 жас, 9-13 жас топтары)
– ересектерге арналған Вody ballet
– 1-3 сынып оқушыларына арналған «ұзартылған күн тобы»
– жеке музыка сабақтары (6-14 жастағы балаларға арналған фортепиано)
– Академия оқушыларына арналған математика, ағылшын, қазақ тілдерінен топтық сабақтар
– жүзу, каратэ (жазғы кезең)
– сырттан келетін тыңдаушылардың біліктілігін арттыру бағдарламалары
– ересектерге арналған йога

Академия біліктілікті арттыру курстарын келесі бағыттар бойынша ұсынады:
– классикалық би
– спорттық бал биі
– қазақ биі
– Шығыс халықтарының билері
– хореографиялық пәндерді оқыту және би қою
– концертмейстерлік шеберлік
Өткізу уақыты: каникул уақытында / педагогтармен келісім бойынша
Көлемі: 36/72 академиялық сағат

1 тыңдаушыға арналған біліктілікті арттыру курстарының құны

Қызметтердің көлемі Жеке Топ (5 адамнан бастап) Көшпелі (15 адамнан бастап)
36 академ.сағат (теңге) 40 000 30 000
72 академ.сағат (теңге) 80 000 70 000

Сырттан келетін тыңдаушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі барлық бағдарламалар қазіргі уақытта қосымша білім беру саласындағы ағымдағы заңнаманың талаптарына сәйкес өзектендіру процесінен өтуде.




























Яндекс.Метрика