Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияға Қытай Халық Республикасының делегациясы келді

Қазақ ұлттық хореография академиясына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен CNPC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинь мырзаның басшылық етуімен «China National Petroleum Corporation» Қытай Мұнай-газ корпорациясының делегациясы ресми сапармен келді. 

Ұйымдастырылған экскурсия аясында Академияға келген қонақтар оқу және балет корпустарын аралап, білім ордасымен танысты.

Еске сала кететін жайт, Академия құрылысының демеушілері «CNPC» Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы  және «Самрұқ-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болған.  

«CNPC» компаниясының Академиядағы жағдайларды жақсартуда тұрақты қолдау көрсететінін атап өткен жөн. Астана ЭКСПО – 2017 бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесі қарсаңында «CNPC»  компаниясының өкілдері балалардың әртүрлі іс-шаралар мен жаттығуларға баруы үшін шағын автобусты сыйға тартты, ал 2018 жылы медициналық жабдықтар –   шаршағанды және күш түсуді басуға арналған массаждық ванналар, арқа бұлшық еттерінің созылуы үшін пилатес-керуеттер, басқа да профилактикалық жабдық сатып алу үшін 10000000 теңге бөлді, бұл жабдықтар оқушылардың денсаулығына жақсы әсер ететіні және кәсіби жарақат алу қаупін азайтыны сөзсіз.    

Ресей Халық әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Асылмұратова жетекшілік ететін Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының өзара достық қарым-қатынастарын нығайтуға өз үлесін қосады. 

 

 

Яндекс.Метрика