Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттері «әйелдердің көз жасы төгілген лагерьге» барды

2019 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің ұйымдастыруымен білім алушылар «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барды.

 Мемориалды-мұражай кешені Қарлагтың бөлімшесі болып табылатын, өткен ғасырда лагерьлер мен абақтылардың бас басқармасының бағынысында болған Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері тұтқындарының тағдыры жайлы баяндайды.

 Мемориалды кешеннің әрбір архитектуралық композициясы лагерь тұтқындарының каторгалық өмірін сипаттайды. «Сталин вагоны», «Қасірет аркасы», «Үмітсіздік пен дәрменсіздік» сияқты атаулардан көруге болады.      

Студенттерге  қуғын-сүргін жылдары  Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде 18 мың жазықсыз адамның болғаны жөнінде айтып берді  Осы сұмдық цифрларға зер салып қарасаң, қуғын-сүргін мен ашаршылықтың  қаншама адам өмірін құртқанын елестетесің. Негізінен мұнда белгілі мемлекеттік, саяси және қоғамдық қайраткерлердің әйелдері отырған. Мемориалды-мұражай кешені бұрынғы лагерьдің орнында ашылған. 

Мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері экскурсия кезінде Алаш партиясының тарихы, лагерьдің құрылуы, оның тұтқындары жайлы айтып берді. Лагерь тұрғындары көбінесе өткен ғасырдың 20-40 жылдардағы техникалық зиялы қауым өкілдері, дипломаттар, қоғамдық және саяси қайраткерлер, сондай-ақ өнер қайраткерлері отбасының мүшелері болған.

Экскурсия соңында лагерьдің күнделікті өмірі, оның тұтқындарының өмірі мен ерлігі жайлы баяндайтын «Алжирдің сұрапыл суығы» фильмі көрсетілді. 

Яндекс.Метрика