Академия оқушысы халықаралық конкурста жүлдегер атанды
Академияның 4-сынып оқушысы Медетхан Нұрлы “Шығыс жұлдызы” V Халықаралық көпжанрлы фестиваль-конкурсының II дәрежелі лауреаты атанды. Академияның сондай-ақ қосымша білім беру бөлімінің тәрбиеленушісі байқауда 7-9 жас аралығында “Инструменталды жанр” аталымы бойынша фортепианодағы өнерімен жүлделі орынға ие болды. Байқау 2-5 ақпан аралығында Астана қаласында Жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Ал ұстазы Бданова Албина Серікқызы жастардың шығармашылық потенциалы мен еліміздің мәдени мұрасын дамытуда қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.