Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы бойынша онлайн-дәріс өтеді

2020 жылдың 23 қаңтарында сағат 12.00-де «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ акт залында «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы  бойынша Республикалық Абай қорының арнайы сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбектері үшін» белгісінің иегері, «Құрмет» орденінің иегері, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім онлайн-дәріс өткізеді.

Іс-шараға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысады.

Яндекс.Метрика