Қабылдау комиссияларының байланыстары

Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша үздік эссе байқауы

Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшыл­дардың қатарындағы ғажайып тұлға.

Н. Ә. Назарбаев

Қазақтың  ғұлама ойшылы, ақыны, ағартушысы, ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 175 жыл.  Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойы тек біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтуде.

Қазақ ұлттық хореография академиясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ел ертеңі болар өскелең ұрпақты ұлтымыздың ұлы ақыны шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу, оның рухани әлемімен рухтандыру мақсатында «Абай шығармалары бойынша үздік эссе» байқауы ұйымдастырылды.

Мектеп-колледж-жоғары оқу орны деңгейлерінде білім алушы жастарымыз ұлы Абайдың тағылымға толы мұрасын тағы бір зерделеп, оның нәрін бойларына сіңіре, ой елегінен өткізе отырып, эссе жазу байқауына белсене қатысып, барлық салада да дарынды екендерін тағы да дәлелдеді.

Комиссия мүшелерінің шешімдеріне сәйкес байқау қорытындысы бойынша Өнер факультеті Арт-менеджмент мамандығының 1 курс студенті Арман Сұлтанбай, Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 3 курс студенті Диана Мелисова және 8 сынып оқушысы Абай Юсупов «Үздік эссе» номинациясының иегерлері атанса, Өнер факультеті Арт-менеджмент мамандығының 2 курс студенті Сара Аубакирова, Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 7 сынып Гүлнұр Тулеп «Жас қаламгер» номинацияларын иеленді.

Дарынды да талапты жастарымызға ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін темірқазық етіп алып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.

ДИПЛОМ – АБАЙ 175

Яндекс.Метрика