Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Абай мұрасы” атты сайыс. Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 3 сыныбы

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге
С. Торайғыров

10-16 сәуірде қазақтың ұлы жазушысы, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы» атты сайыс өтті.
Іс-шара бастауыш класс оқушыларын қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының шығармашылық мұрасын зерттеуге деген қызығушылығы мен құрметін тереңдетуге бағытталған.
Барлық қатысушылар әр түрлі тақырыптағы өлеңдерді мәнерлеп оқып қана қоймай, әртістік қабілеттерін көрсетіп, қойылымға керемет дайындалған. Сайыскерлердің сауатты сөйлеуі, шеберлігі қазылар алқасын қуантты. Әділ қазылар қойылымдарды келесі критерийлерге сәйкес бағалады: мәнерлеп оқу, өнер көрсету үшін оңтайлы қарқынды таңдау, сөйлеу нормаларын сақтау, әртістігі, өзіндік ерекшелігі.

Сайысқа үшінші кластың 18 оқушысы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша I, II, III орындар (оқыту тілі бойынша) берілді.
Комиссия шешімімен берілді:
3 ” А “сынып (қазақ тілінде):
I орын – Бораншы Бекхан және Бимырза Әсел;
II орын – Жеңіс Назифа және Қаратаев Әмірхан;
III орын – Әділхан Малика және Дарибаев Алдияр.
3 ” Б “сынып (орыс тілінде):
I орын – Амирова Малика;
II орын – Акитбаева Лэйла және Блок Виктория;
III орын – Ду Юфэй.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады, сонымен қатар сайысқа қатысқандардың барлығына сертификаттар беріледі.
Оқушыларды сайысқа дайындауға қатысқан ата-аналар мен мұғалімдерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

Яндекс.Метрика