Қабылдау комиссияларының байланыстары

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры: Кеше. Бүгін. Ертең

Академияда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 85 мерейтойлық маусымына арналған дөңгелек үстел өтті. 

«Хореография» факультеті «Режиссура кафедрасының ғылыми-әдістемелік зертханасы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор, өнертану кандидаты Тойған Ізімнің жетекшілік етуімен және екінші курс магистранттары А. Ислямова, И. Федосованың, Г.  Усинаның, Р. Минаханованың қатысуымен «Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Өнер ордасының өткені, бүгіні және болашағы туралы еліміздің көрнекті тұлғаларының бірі, есімдері Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қызметімен тығыз байланысты: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Майра Шафкатқызы Қадырова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Академияның «Режиссура» кафедрасының меңгерушісі Тукеев Мұрат Орындықбайұлы, сонымен қатар Ресейдің еңбек сіңірген  әртісі, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Академияның «Хореография» факультетінің деканы Нұрлан Исмағұлұлы Канетов әңгімелеп берді. 

Академия студенттері есімдері Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының тарихында жазылған белгілі тұлғалар туралы және Еуразиялық кеңістіктегі ірі театрлардың бірі болып табылатын театрдың қызметі баяндамалар жасады.

Академияның аға оқытушысы Анвара Садықова қазақ хореографиясын зерттеуші және насихаттаушы ретінде Майра Қадырованың Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында орындаған рөлдері, педагогикалық жұмысқа енгізілген оның сахналық тәжірибесі туралы баяндап берді. 

Майра Қадырова еңбек қызметін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бастаған. 1976 – 1997 жылдар аралығында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының прима-балеринасы болған. Бірқатар балеттерде жетекші парияларды орындаған. 

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры 1934 жылы құрылған. 1941 жылы театр академиялық деген мәртебеге ие болды, ал 1945 жылы театрға Абай есімі берілді.

Яндекс.Метрика