Қабылдау комиссияларының байланыстары

Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы

Сіздерді 2019 жылдың 21 қарашасында Қазақ ұлттық хореография академиясында Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы» тақырыбында өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: Абайдың әлемдік мәдениеттегі орны мен рөлін талқылау үшін диалог алаңын құрып, тұлғаның өз халқының мәдениетін (өнерін, білімін) дамытуға әсері туралы мәселені қарастыру, тарихи оқиғалар мен фактілерге қызығушылықтарын жандандыру.
Конференцияға қатысу үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады.
Конференцияның тақырыптық бағыттары:
1. Рухани жаңғырудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы.
2. Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті.
3. Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен үрдістері.
4. Заманауи өнер: өнер бастауы, ерекшеліктері, даму перспективалары.
Конференцияға қатысу нысандары: күндізгі, сырттай.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Өтінімдер мен сөз сөйлеу мәтіндерін ұсыну мерзімдері – конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 21 қазанына дейін ұйымдастыру комитетінің otdel_nauka16@mail.ru электрондық поштасына бекітілген нысан бойынша конференцияға қатысу үшін өтінішті жіберу керек (қосымша 1 қараңыз) файлдың атауын үлгі бойынша рәсімдеу қажет: Амиров_конференция_өтінім.

Ақпараттық хат – Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

Яндекс.Метрика