Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушысы Халықаралық фестиваль-конкурста үздік атанды

2019 жылғы 9 қазанда Алматы қаласындағы Республика сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорымен бірлесіп ЮНЕСКО Клубтары Қазақстан Ұлттық Федерациясының ұйымдастыруымен өткен «The Planet of ART-2019» Халықаралық фестиваль-конкурсының жабылуы өтті. Биыл жобаға вокал, аспап және хореография өнері номинациясында бүкіл Орталық Азия мен Ресейден 12-17 жас арасындағы 3500 бала қатысты.  1 ақпаннан 1 мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстанның барлық облыстарынан және көршілес мемлекеттерден өздерінің жан-жақты талантын көрсеткен балалар онлайн іріктеу турынан өтті.

Іс-шараның ауқымдылығы мен халықаралық деңгейіне байланысты өздерінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, қоғамның әлеуметтік қорғалмаған қатарынан шыққан жастарды қосқанда, өздерінің таланттарын тең түрде көрсету және Қазақстан өнерінің жетекші қайраткерлерімен одан әрі жұмыс істеу  мүмкіндігіне ие болды. 

Іріктеу турының қорытындылары бойынша 16 ең үздік халықаралық финалистер анықталып, оларға 2-10 қазан аралығында Алматы қаласында өтетін жобаның ақтық кезеңіне шақыру билеттері табыс етілді. 

Әділ қазылар алқасының тәуелсіз шешімінің нәтижесінде хореография номинациясында Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушысы  – Абай Юсупов жеңімпаз атанды.  

– Мен еңбекқорлығыммен және осы жоба басталмастан бұрын менің бойымда таланттың бар екенін байқаған тәлімгерлерімнің кәсіпқойлығының арқасында осы жеңіске жеткеніме сенемін. Осы ерекше көңіл-күй мен осы жобада кездесіп танысқан достарым осы жеңістен де маңыздырақ болды. Мен хореографиялық өнер жолында өзімді шындап дамытуды жоспарлаймын және «The Planet of ART – 2019» менің жаңа қырымның ашылуына көмектесті және қол жеткен табыстармен шектеліп қалмай, одан әрі үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ынталандырды, – деп «хореография өнері» номинациясының жеңімпазы Абай Юсупов өз пікірімен бөлісті.

«The Planet of ART – 2019»  фестиваль-конкурсының ақырғы кезеңінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келген финалистер ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Беляков жетекшілік еткен Алматы қ. әкімінің эстрада-симфониялық оркестрінің сүймелдеуімен өздерінің шығармашылық нөмірлерін көрсетті. Іс-шараға еліміздің көрнекті әртістері – Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева; Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаева және өзінің ерекше дауысымен көпшілікке танымал болған әнші – Қазақстанның ЮНЕСКО Клубтарының елшісі Данэлия Тулешова қолдау көрсетті. 

Фестиваль Алматы қ. әкімдігінің, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының және жобаның бас әріптесі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы, сондай-ақ «VNSV ART», «Тенгизшевройл», «Total E&P Kazakhstan», «ExxonMobil Kazakhstan», «Sky Bridge Invest», «Highway TV», «Caspian Projects Supply Company» компаниялары, «GG Style» сән салоны мен  Хаджаевтар имидж-студиясының үлкен қолдау көрсетуімен өтті.

Ақпараттық әріптестері: «Almaty TV» және «КТК» телеарналары, «Русское Радио. Азия», «Tengrinews», «Hola News Kazakhstan» және «Vox Populi» ақпараттық порталдары.

 

Яндекс.Метрика