Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның сахналық практикасының концерттік репертуарындағы жаңа қойылым

Хореограф Ксения Зверева С. Рахманиновтың музыкасына «Маргаритки» жеке нөмірін қойды. Бұл Ксения Звереваның Академиядағы алғашқы қойылымы емес.  Регина Спектордың музыкасына оның «Apres moi»  қойылымымен 2018 жылы Академия оқушысы Ғұмар Сұлтанбек Баку қаласында өткен Гамэр Алмасзаде атындағы Халықаралық классикалық және ұлттық би конкурсында заманауи хореография бойынша бірінші сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар, Secret Garden музыкасына «Dreamcatcher» қойылымын да көрермендер жылы  қабылдайды. 

Ксения Зверева Стокгольмдегі Корольдік Швед балет мектебін, А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясында магистратураны бітірді, Нидерланд балет театрында (NDT) тағылымдамадан өткен. Халықаралық конкурстардың лауреаты. Оның қойылымдары Мемлекеттік академиялық Мария, Үлкен, «Астана Опера»  және басқа да театрлардың сахнасында қойылады.

Яндекс.Метрика