Қабылдау комиссияларының байланыстары

8 наурыз қарсаңында құттықтау!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясының ер азаматтары ұжымның нәзік жандарын құттықтады. Мерекелік концерт балет корпусының оқу театрында өтті,  әртістер рөлінде Академияның студенттері мен қызметкерлері өнер көрсетті.

8 наурыз – бұл сұлулық пен махаббаттың алғашқы көктем мерекесі, ал әйелдер – өмірдің әшекейі. Бүгін хореографиялық би және «Любовь похожая на сон», «Feeling Good», «Қыздар-ай» сияқты музыкалық композициялар орындалды, ал мерекелік кештің шымылдығы астында «Миллион алых роз» әні шырқалды.

«Біздің академияның құрметті әйелдері! Барлық ер азаматтардың атынан Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді.  Біз сіздерге, қымбатты, жер бетінде жақсылық пен әділдік жасайтын, өмірді мағынамен толықтыратын, бақытты ететін мейірімді алақан мен жүректер үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің түсінігіңіз,  шыдамдылығыңыз, қамқорлығыңыз үшін рахмет!» – деп Қазақ ұлттық хореография академиясының әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі директоры Бауыржан Успанов өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

Яндекс.Метрика