Қабылдау комиссияларының байланыстары

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған онлайн-концерт!

Отан қорғаушылар күні – жауынгерлер ерлігі мен айбынына бөленген, еліміздің барлық ұрпақ буындарын біріктіретін мереке. Мерекенің мәңгілік құндылығы мен терең патриоттық мәні бар – борыш пен абыройды, өз еліне деген адалдықты әрқашан жоғары қоятын азаматтарға құрмет және алғыс білдіру.

2020 жылғы 7 мамырда сағат 12.00-де «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ Жастар істері жөніндегі комитеті Отан қорғаушылар күніне арналған онлайн-концертке шақырады. Концерт барысында тәрбиеленушілер мен студенттер Академияның ерлер құрамын мерекемен құттықтайды.

Сіздерді Инстаграм парақшасында тікелей эфирде күтеміз: art_management_balletacademy 2020 жылғы 7 мамыр, сағат 12.00.

Яндекс.Метрика