Елордада «760GreenKm» эко-марафоны өтеді
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен 2020 ж. 20 қыркүйек күні «760GreenKm» жаңа республикалық жобасы басталды.
Қашықтығы 42 км 195 м болатын нағыз марафонға Нұр-Сұлтан қаласының әрбір тұрғыны қатыса алады. Жобаның бастамашылары Ғалым Чуашев, Дмитрий Ким және Айдын Сәдібеков барлық 14 облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында 18 күнде 18 марафон өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бұл акция Қазақстан аумағында көшет отырғызуды көздейді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы марафон 2020 ж, 25 қыркүйек күні өтеді
Басталуы: 8.00,
Орны: Триатлон паркі.