Қабылдау комиссияларының байланыстары

2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енген білім беру бағдарламаларына талдау

Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі 2019 жылғы 9 қазанда Академияда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеуші жұмыс тобы мүшелерімен 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енген білім беру бағдарламаларына талдау жасау мақсатында кеңес өткізді. Кеңесте Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Ж. Есенбекова 2019-2020 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енген 6В02101 – Хореография режиссурасы, 6В02102 – Балет педагогикасы, 6В02103 – Хореография педагогикасы, 6В02104 – Спорттық бал биінің педагогикасы, 6В02105 – Балеттану, 6В02106 – Арт-менеджмент, 7М02101 – Хореография режиссурасы, 7М02103 – Хореография педагогикасы, 7М02105 – Балеттану, 8D02101 – Хореография режиссурасы, 8D02103 – Хореография өнерінің педагогикасы, 8D02105 – Балеттану білім беру бағдарламаларына талдау жасай келе, аталған бағдарламалардың тәуелсіз сарапшылар тарапынан жоғары бағаланғандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы мамандары мен тәуелсіз сарапшылар анықтаған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тізілімге енгізу барысында өзге жоғары оқу орындарында орын алған кейбір кемшіліктерге де тоқталып, алдағы уақытта білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңінде мұндай кемшін тұстарға сақ болу керектігін де ескертті.
Кеңесте 2020-2021 оқу жылына арналған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты мәселелер де талқыланып, жұмыс тобы мүшелеріне нақты әдістемелік бағыт-бағдарлар берілді.

Яндекс.Метрика