Қабылдау комиссияларының байланыстары

Агриппина Ваганованың туғанына 140 жыл

Қазақ ұлттық хореография академиясында көрнекті педагог және балетмейстер, тұңғыш орыс хореография профессоры, орыс классикалық балетінің негізін қалаушы Агриппина Яковлевна Ваганованың 140 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Вариациялар патшайымынан хореография профессоры болып қалыптасқанға дейінгі оның өмірі Ресейдің хореография өнерінің дамуы мен тарихында үлкен із қалдырған көптеген жаңалықтар мен оқиғаларға толы болды.  Ваганова техниканың айқындылығы мен ақылға қонымдылығына, дене, қол, аяқ позицияларын қою қатаңдығына негізделген өзінің жеке педагогикалық жүйесін әзірледі. Бұл техника қазір «Ваганова жүйесі» деген атаумен белгілі.  Қазіргі кезде Санкт-Петербург қаласындағы Орыс балет академиясы Ваганованың атымен аталады. 

Дөңгелек үстел барысында «вариациялар патшайымының» өмірі, шығармашылық және педагогикалық қызметі сияқты тақырыптар бойынша сөз қозғалды. Шағын фотокөрме ұйымдастырылды, сондай-ақ «Великая и ужасная А.Я. Ваганова» деректі фильмінің көрсетілімі болды. Өз кезегінде А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының түлегі Антон Михайлович Луковкин «Ваганова мектебінің» дәстүрлері жайлы айтып берді.

Дөңгелек үстел PhD докторы Руслан Владимирович Кензикеевтің жетекшілігімен және режиссура кафедрасының бірінші курс магистранттары: Әсел Абуталипова, Анель Марабаеваның, педагогика кафедрасының магистранттары: Еркежан Кабдуллина мен Ажар Акылбекованың қатысуымен ұйымдастырылды.   

 

Яндекс.Метрика