Қабылдау комиссияларының байланыстары

Әбділда Тәжібаевтың туғанына – 110 жыл

Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың (1909-1998 ж. т.) туғанына 110 жыл толуына орай, Қазақ ұлттық хореография академиясы Өнер факультетінің 1 курс «Арт-менеджмент» студенттерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында студенттер Ә.Тәжібаевтың өмірбаянын, жастық шағы мен қызметтес әртіптестерінің пікірлерінен үзінділер оқыды. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы Ә. Тәжібаев атындағы ғылыми кітапхананың қызметін таныстырды.

Шараға қатысқан Академияның оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры А. Алишева студенттерге шығармашылық табыстар тілеп, халқымыздың ұлы тұлғаларының тарихын зерттеу жастардың бойындағы руханилықты оятатынына сенімді екенін атап өтті.

Ғылым, жоғары білімнен кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімінің басшысы Ш. Сатиева мен Өнер факультетінің деканы Р. Досжан Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін жатқа оқыған студенттерге сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 

Яндекс.Метрика