Қабылдау комиссияларының байланыстары

1-3 СЫНЫПТАРҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ ҚАЙ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 29 мамырдағы хаттамасының негізінде Білім және ғылым министрлігі Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірлесіп 18-23 маусым аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау үшін емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.

Осыған байланысты Қазақ ұлттық хореография академиясында 1-3 сыныптарға түсу емтихандары 2020 жылдың 18-23 маусымы аралығында өтеді.

1-3 сыныптарға қабылдау үшін балаларды фото бойынша қашықтықтан алдын ала қарау 2020 жылдың 13 маусымына дейін өткізіледі.

Алдын ала қарау шарасынан өткен және түсу емтихандарына жолдама алған балалар 2020 жылдың 5-17 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлы Дала даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан қабылдау комиссиясына (кіреберіс Түркістан көшесінен, Тұрғын үй ғимараты,1 қабат) келесі құжаттарды ұсынады:

  • Үміткердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) түсу емтихандарына жолдама алу туралы өтініші;
  • Үміткердің ЖСН көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі (қосымшасы);
  • Денсаулық паспортының түпнұсқасы, тіркелген емхананың бас дәрігерімен расталған көшірмесіне рұқсат етіледі;
  • 112 форма бойынша амбулаториялық картасы (емханадан баланың даму картасы) – түпнұсқа (тексеруден кейін қайтарылады);
  • екі дана көлеміндегі 3×4 фотосурет.

Немесе көрсетілген құжаттарды сканерленген түрде admissions@balletacademy.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Қабылдау емтихандары Қазақ ұлттық хореография академиясының базасында: Ұлы Дала даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша өтеді (кіреберіс Ботаникалық бақ жағынан), қабылдау емтихандарын өткізу мерзімдерін мына сілтеме бойынша білуге ​​болады: https://balletacademy.edu.kz/examinations-1-2-3-classes-kz/.

Байланыс телефон: 8 (7172) 79-85-42.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

  • Қабылдау емтихандарды өткізу мерзімі мен графигіне;
  • қабылдау емтихандарға қатысатын балаларға арналған киім формасына

міндетті түрде назар аударыңыз.

Яндекс.Метрика