Қабылдау комиссияларының байланыстары

Үздік ұстаздар

ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы бірігіп, «Ғылым және білім-2019» атты республикалық конференция өткізді. Осы аталған шара барысында «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог» атты республикалық байқауларының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың басты мақсаты – еліміздің мұғалімдері мен оқытушыларын қолдау, үздік педагогтaрды анықтау, инновациялық идеяларын арттыру және ел педагогтарының арасында тәжірибе алмасу болды.

Жалпы биылғы байқауға еліміздің түкпір түкпірінен ЖОО және жалпы орта, қосымша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 500 жуық педагогтары мен  оқытушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 150 ұстаз арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Олардың ішінде 80 мұғалім «Үздік педагог», ал 70 ұстаз «Қазақстанның құрметті ұстазы» атанып, арнайы куәлікпен расталған төсбелгілерге ие болды.    

Байқау шарты бойынша педагогтар өздерінің жетістіктері мен алған асуларын баяндаған автобиографиялары бойынша сынға түсіп, үздік атанған педагогтар арнайы дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар ұстаздардың жұмыстары кітап жинаққа басылып, үздік мұғалімдерге табыс етілді. 

Қазақ ұлттық хореография академиясының 11 оқытушысы «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты республикалық байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болды. Олардың қатарында Моисеев Евгений Сергеевич, Шәмшиев Алмат Шердарұлы, Байбосынова Райгуль Ескалиевна,  Балмаганбетова Мадия Аргынгазыевна, Жумакулова Мергул Канатовна, Камалова Нургуль Омиржановна, Кәрім Әсем Төлегенқызы, Коржунова Сауле Капбасовна, Молшылыкова Шуга Ондабаевна, Турганбаева Гульнара Максатовна, Тургунбаева Алмагуль Оразовна есімді бұлақ көзін ашып жүрген ұстаздарымыз бар.    

Еңбектері еленіп, ерекше мәртебеге ие болған ұстаздарға Қазақ ұлттық хореография академиясы атынан талмас қанат пен сарқылмас жігер тілейміз!

Яндекс.Метрика