Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қытай қазақстандықтар көзімен

Бүгін Астанада Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Қытай қазақстандықтар өзімен» атты фотокөрмесі салтанатты түрде ашылды.

 «Мемлекет басшысы бір сөзінде: «Бір белдеу, бір жол» – жаңа парадигма, жаңа деңгейдегі ынтымақтастық жүйесі» деген болатын. Бүгінгі көрменің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдығына орай ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. ҚР Ұлттық музейі Қазақстандағы шет ел мемлекеттерінің  елшіліктерімен бірлесе отырып, көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда. Қазақстандағы Қытай Елшілігімен алдағы уақытта да маңызды жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Көрмеге ұсынылған суреттер ерекше таңданыспен, қызығушылықпен түсірілген. Бұл суреттер сіздерді де бейжай қалдымайтыны анық», – деп өз пікірін білдірді көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов.

Қытайда жүргізіліп жатқан реформалар мен ашықтық саясатының 40 жылдығы және «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 5 жылдығының құрметіне, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстандағы Қытай Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп «Таңғажайып Қытай» фотокөрмелер топтамасын өткізіп келеді. Бұл шара – аталған топтаманың бесінші бөлімі.

Қазақстандағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сао: «Бұл шара Қытайдың реформа және ашықтық саясатына 40 толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі көрме екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісі деуге болады. Мұнда ұсынылған суреттерден қытай халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігін, өмір салтын, дүстүрлерін танып,  ондағы түрлі қалалардың әсем көріністерін тамашалауға мүмкіндік бар. Заманауи Қытайдың келбеті көңілдеріңізден шығады деп сенемін», – деді.  

Көрмеге ұсынылған барлық фотосуреттер Қазақстан аумағынан жиналды. Байқауға 100-ден астам адам қатысып, 700-ден артық жұмыс ұсынылып отыр. Солардың арасынан ең үздік 100 фотосурет таңдалып, аталған көрмеге қойылды. Сіздер осы суреттер арқылы қазақстандықтардың көзімен таңғажайып Қытайдың әсем көріністерін тамашалай аласыздар.

Яндекс.Метрика