Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенмен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Айтбаевпен және Димаш Құдайбергенмен кездесіп, 19 қарашада өтетін концерттің жайын талқылады. 

«Астаналық «Терра балет» тобы, сонымен қатар ұлт-аспаптар ансамблінде керемет өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздар барып, біздің қазақтың әндеріне ұлттық реңк пен өң бере отырып, сүйемел жасайды. Осы концерттің ұйымдастырылуына қыз-жігіттер атсалысып, көмектесіп жатыр. Амандық болса, нәтижесін көресіздер. Орындалатын әндердің 60 пайызы қазақ тілінде болады», – деді Қанат Айтбаев.

Яндекс.Метрика