Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Голос. Дети» конкурсының жеңімпазы Ержан Максиммен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Голос. Дети» конкурсы финалына қатысқан Ержан Максиммен және оның анасы Гүлмира Әлібекпен кездесті.

Кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Ержан Максимді «Голос. Дети» жобасындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

Өз кезегінде Ержан Максим мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіріп, жақында өткен телевизиялық шоу жайлы, өзінің жоспарлары туралы айтып өтті.

Сондай-ақ,  әрбір концерттік нөмірге дайындықтың қалай өткендігі, сахна сыртындағы сәттер және тағы да басқа ақпараттармен, конкурстан алған әсерлерімен бөлісті.

Ержанға «Шабыт» Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде тегін оқу ұсынылды.

Яндекс.Метрика