Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз-мәслихаты

2018 жылғы 15 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында Қазақ ұлттық хореография академиясының 2017-2018 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауын іске асыру бойынша есеп беру баспасөз мәлихаты өтті.
Академияның Бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы жұмыс қорытындылары, Академияның әртүрлі даму аспектілері, жетістіктері және шығармашылық білім беру үрдісінде туындаған проблемалық мәселелер жөнінде баяндады, сонымен қатар еліміздің жетекші хореографиялық жоғары оқу орны алдында болашақта тұрған міндеттер туралы айтып берді.
Екі жылдық жұмыс кезеңінде, Академия оқушылары елорданың ең үздік сахналарында ойдағыдай өнер көрсетті. Тек 2017-2018 оқу жылының ішінде ғана олар 27 спектакль мен 30 концертке қатысты, «Арабеск», «Балалар әлем ырғағында», Г. Алмасзаде атындағы Халықаралық хореографиялық конкурс сияқты төрт беделді халықаралық конкурсқа және басқа конкурстарға қатысты.
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығы аясында Академия Әзірбайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында Гала-концерт, сонымен қатар «Temps lie» Бірінші халықаралық балет фестивалін ойдағыдай өткізді.
Академия Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ биі конкурсын өткізуді жоспарлайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында Академияда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, құқық қорғау органдарының өкілдерімен және еліміздің мәдени қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы белсенді жұмыс жүргізіледі.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап көрсеткендей, қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.
Академияда оқушылардың тұрғын үй корпусында тұруы және оқу сабақтарына дайындалуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Үлкен спорт залы, бассейн, жаттығу залы, қызметтердің толық түрін көрсететін медициналық пункт, дәрігер-диетолог, психолог жұмыс істейді. Сондай-ақ, оқушылар 6 рет тамақтанумен қамтылған, спорт киімдері және жаттығу формаларымен қамтамасыз етіледі. Балалардың бос уақытына да ерекше көңіл бөлінеді: ынтымақтастықтың нәтижесінде олардың кино, театрлар мен мұражайларға, жазғы лагерьлерге тегін баруға мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні Академия оқытушылары үшін барлық игілік қарастырылған, атап айтқанда, қызметтік пәтерлер, қызметкерлерді көлікпен тасымалдау, Академия қаражаты есебінен жыл сайын біліктілікті арттыру, материалдық көмек сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2018 жылдың қыркүйегінен бастап жаңартылған мазмұн бойынша курстардан өткен оқытушылардың жалақысы 10% өсті, сынып жетекшілігі және кураторлық үшін 10 %, біліктілік деңгейін арттырғаны үшін 5-тен 30 % дейін, осылайша үстемеақылар есебінен орташа есеппен ұлғаю 18 процентті құрады.
Сөз соңында бірінші проректор соңғы жаңалықтармен бөлісті – «Жоғары білімнен кейінгі білім беру. Докторантура» бағыты бойынша білім беру қызметіне рұқсат беретін мемлекеттік лицензияға ие болу, сонымен қатар
оқытушылар Анвара Садыкова және Мукарам Абубахриеваның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы.

Яндекс.Метрика