Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Мәдениет және спорт вице- министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

15 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы «Комфорт отель» қонақүйінің конференц залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мемлекеттік тіл саястын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Алқалы жиын барысында жаңа әліпби мен емле ережелеріне қатысты ғылыми-теориялық және әдістемелік, латын әліпбиін меңгертудің тиімді әдістемесі, жаңа емле ережелеріндегі өзекті мәселелер, әліпби ауыстырған түркі тілдері емлесінің қалыптасу, жетілу жолдарын саралау туралы мәселелер талқыланады.

Басқосуда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры Нұргелді Уәли «Жаңа орфографиялық ереженің лингводидактикалық негіздері», Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Таңат Аяпова «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің әдістемелік бағыттары», А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Айнұр Сейітбекова «Кірме сөздердің әзірбайжан емлесіндегі жазылымы», Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Жазира Ағабекова «Шет тілінен енген жалқы есімдердің игерілуі (Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан)» және т.б. тақырыптарында баяндама жасайды.

Конференцияның секциялық отырысында Е. Тасболат, М. Сапарбаев, А. Мырзаш, Н. Түлтебаевтар ұсынған әліпби жобалары авторлардың тікелей қатысуымен ғалымдар тарапынан талқыланып, сараланады.

Аталған іс-шараға елімізге белгілі ғалымдар, сондай-ақ латынграфикалы қазақ тілі әліпбиіне қызығушылық танытушы барлық тіл жанашырлары шақырылады.

Яндекс.Метрика