Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қандай стартаптар жетістікке жете алады?

2018 жылғы 24 қазанда Академия студенттерінің  Назарбаев Университет Инновациялық даму  департаментінің қызметкерлерімен кездесуі болды. Кездесудің негізгі тақырыбы – Назарбаев Университеті Astana Business Campus инновациялық кластері, оның мақсаты  – бір жерде шетелдік және отандық компанияларды, ғылымды қажет ететін шағын және орта бизнесті, венчурлық қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, студенттер мен өнертапқыштарды біріктіру.  Инновациялық даму  департаменті аға менеджері – Мектепбаева Дамель және FabLab цифрлық прототиптеу зертханасы менеджері – Бижанова Әсел спикер ретінде сөз сөйледі. Спикерлер Astana Business Campus экожүйесі туралы, әсіресе Технопарктегі, Бизнес-инкубатордағы, акселерациялау бағдарламасы және коммерцияландыру кеңсесі туралы айтып берді. Студенттер Назарбаев Университетінің кластерінде қандай стартаптар  туындайтынын, ғалымдар өз өнімдерін қалай коммерцияландыратынын және қандай компаниялар Технопарктің резиденттері болатынын білді.  Сонымен қатар,  FabLab цифрлық прототиптеу зертханасы туралы айтып берді, мұнда цифрлық өндірістің ең заманауи құралдарына қолжетімділік алуға болады, алғашқы өз прототипіңді модельдеуге және жасауға, сонымен бірге басқа ЖОО  студенттерінің Назарбаев Университет зертханасында өз өнімін  ілгерілету мүмкіндіктері туралы білуге болады.

Яндекс.Метрика