Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының жас балериналары Италияда өткен халықаралық конкурста жүлдері орындарға ие болды

Қазақ ұлттық хореография академиясының жас балериналары Италияда өткен халықаралық конкурста жүлдері орындарға ие болды. 

2019 жылғы 9-13 сәуір аралығында Сполето қаласында XXVII Халықаралық хореографиялық конкурс өтті. 

Конкурсанттардың өнер көрсету нәтижелері бойынша Академияның тәрбиеленушілері Шахманова Камила (4/8 сын.) 2-орын, ал Алиханова Алима (4/8 сын.) 3-орынды иеленді.

Шахманова Камила мен Алиханова  Алима ірі халықаралық би жарыстарының бірі болып табылатын осы конкурстың көрермендері мен әділ қазылар алқасының алдында әлемдік кәсіби мектептердің арасында классикалық би номинациясында өнер көрсетті. 

XXVII халықаралық хореографиялық конкурс – Италияның Сполето қаласында жыл сайын өткізілетін балет әлеміндегі ең беделді конкурстардың бірі. Конкурстық жарыстар аясында көрнекті балет әртістерінің, педагогтар мен хореографтардың шеберлік кластары өтеді. Сондай-ақ бұл халықаралық алмасу және ұжымдар басшыларының кездесуі. Осы конкурста біздің жеңімпаздарымызға жетекші әрі Академия педагогы Макарцева Людмила Викторовна қолдау көрсетті.

Оқушыларымызды құттықтай отырып, оларға болашақта тағы көп жеңістер тілейміз. 

Яндекс.Метрика