Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қазақфильмде» телевизиялық «Эвакуация» сериалының түсірілімдері басталмақ

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында шартты атаулы «Эвакуация» телевизиялық сериалының қорғалымы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілетін жоба өткен ғасырдың  40-шы жылдары туралы баяндайды.  Режиссері – Фархат Шәріпов.

– Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде СССР тұрғындарды жаппай эвакуациялау іс-шараларын жүргізді. Бұл әлем тарихындағы ең ауқымды әрі қиын шаралардың бірі болған. Эвакуация түрлі қатерлер мен жақынын жоғалтып алу жағдайларына толы болған. Сол сұрапыл жылдарды эвакуацияланған адамдар тағдыры арқылы көрсеткіміз келді. Сонымен қатар, фильмде  жергілікті тылда істегендер туралы да сөз болады. Өзіміз сол кезеңге еніп, адамдардың қиындықтарға қарамастан, соншалықты жігерлі болуының себебі неде екенін білгіміз, ұғынғымыз келеді,- деді режиссер Фархат Шәріпов.

Сонымен қатар, режиссер бас ролдерге орыс және қазақ театрларының актерлері: Наталья Витмер, Евдакия Бобрик, Екатерина Балакши, Виталий Багрянцев, Алтынай Нөгербек және Иісбек Әбілмәжіновты бекіткенін айтты.

Жобаның қоюшы суретшісі Сәбит Құрманбеков жиналған қауымға шығармашылық топтың дайын екенін және түсірілімдердің 80% Алматыда өтетінін жеткізді.

– Ескі нысандар азайып барады. Қала ішінен оларды табу қиынға соғуда. Бірінші Алматы аумағында ескі ДПО таптық. Түсірілімдер сол жерде  1 қараша күні басталады, – деп қосты қоюшы суретші.

 Фильм жайлы: 1941 жылдың қазан айында СССР оккупацияға ұшыраған аймақтардың халқы мен зауыттарын құтқару жұмыстарын бастайды. Аштық пен аязды бастан өткерген, «теплушки» вагондарына адамдар тиелген мыңдаған эшелондар шығысқа қарай жөнелтіледі. Сондай вагондардың бірінде Галя есімді қызы бар Наталья болады. Наталья Ленинградтты тастап, Қазақстаннан пана іздеп келеді. Қазақ даласындағы темір жол бойындағы шағын станциялардың бірінде қызын жоғалтады. Қызы құрбысының қасында қалған болар деген үмітпен ол Алматыға беттейді. Алайда, оны бұл жерде ауыр сынақтар күтеді.

Қоюшы режиссер: Фархат Шәріпов

Сценарий авторы: Андрей Сакулинский, қосалқы авторлар: Зәуреш Ерғалиева, Оксана Бондаренко

Қоюшы суретші: Сәбит Құрманбеков

Қоюшы оператор: Александр Плотников

Атқарушы продюсер: Шынар Бөрібаева

Жоба директоры: Әділ Қожабергенов

Режиссер туралы ақпарат:

Фархат Шәріпов – кинорежиссер, сценарист. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Кино режиссурасы» мамандығын тәмамдаған. New York Film Academy түлегі. Мына фильмдердің режиссері: «Қызғылт қоян туралы хикая»  (2010), «Инопланетяне ни при чем»(2013), «4+1» (2016), «Тренинг личностного роста» (2018).

Яндекс.Метрика