Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2018 жылғы 9 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Комиссия төрайымы Г.Н. Әбдіқалықова кіріспе сөзінде: «бүгінгі таңда комиссия мемлекеттік рәміздер және ведомстволық наградалар саласындағы жұмыстарды үйлестірудегі басты мемлекеттік әрі қоғамдық институт ретінде жұмыс ырғағын қалыптастыруда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі көрсетіп отырғандай салада белгілі бір реттілік орнығып келеді» деп атап өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының, Жамбыл облысы әкімінің және Алматы, Павлодар облысы әкімі орынбасарларының мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Инвестициялар және даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволық наградаларын бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Комиссияның ағымдағы жылғы қызметі сараланып 2019 жылға арналған  жұмыс жоспары бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова мемлекеттік органдар басшыларына ақпараттық – құқықтық түсіндіру жұмыстарының формасы мен әдістерін жетілдірудің және патриоттық-танымдық бағыттағы шараларды жоспарлы түрде ұйымдастырудың тетіктерін одан әрі жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Яндекс.Метрика