Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан мен Бразилия туризм саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов пен Бразилияның Туризм министрі Винисиус Луммерц Силва Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Бразилия Федеративтік Республикасы Туризм министрлігі арасында туризм саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ведомствоаралық құжат туризм саласындағы елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, соның ішінде салада мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды көтермелеуге, туристік ұйымдар мен агенттіктер арасындағы байланыстарды кеңейтуге, туризмді және туристік маршруттарды жылжыту бойынша тәжірибе алмасуды, сондай-ақ осы саладағы алдағы іс-шаралар туралы ақпаратты қамтиды.

Меморандумның мақсаты Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара туристік ағымдарды ұлғайту болып табылады, бұл 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ұлттық төлқұжаттар иелері үшін елдер арасында визасыз режим арқылы жүзеге асырылады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Қазақстанға Бразилияның 1095 азаматы келді, бұл 2016 жылға қарағанда 1,5 есе көп.

Яндекс.Метрика