Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының орынбасары тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Серік Тоқтасынұлы Нұрмолдаев «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының ұйымдастырушылық сұрақтар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Өзінің жаңадан тағайындалған орынбасарын бүгін ұжымға «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы таныстырды.

Серік Нұрмолдаев – «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік медалінің иегері, өнертану ғылымдарының магистрі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған, Гнесиных атындағы Ресей музыка академиясында, Әзірбайжан ұлттық консерваториясында білімін жетілдірген.

Серік Тоқтасынұлының еңбек жолы өнер саласымен және шығармашылық қызметпен тығыз байланысты. Әр жылдары «Ақжелең», «Қобыз сазы», «Сарын», «Сазген сазы» сынды ансамбльдерде, Марат Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Алматы симфониялық оркестрінде орындаушылық өнерін шыңдаған.

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік сахнаны бағындырған «Тұран» тобында өнер көрсетеді. Бұған қоса, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, авторлық туындыларды, оқу бағдарламаларын жарыққа шығарған. Актерлік және режиссерлік салада да көптеген жетістіктерге қол жеткізген.

Бұл қызметке дейін Серік Нұрмолдаев өнер және білім салаларында басшылық қызметте болған, «SNECC entertainment» этникалық орталығының директоры лауазымын атқарған.

Яндекс.Метрика