Қабылдау комиссияларының байланыстары

ІІІ Жоғары оқу ішілік ғылыми-практикалық студенттік конференцияның ашылуы

2019 жылғы 15 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясы ІІІ Жоғары оқу ішілік ғылыми-практикалық студенттік конференция ашылды. Іс-шараны ұйымдастырушы – Ғылым,  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімі.  Өтетін орны: кітапхананың оқырмандар залы.

Ғылым апталығының ашылуына барлық факультеттердің студенттері мен магистранттары қатысты.

Жыл сайынғы ІІІ Жоғары оқу ішілік ғылыми-практикалық студенттік конференцияда бірінші проректор, п.ғ.к. профессор Нүсіпжанова Бибигүл Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның осындай форматы – бұл шығармашылық сөз сөйлеулер мен пікірталастар алаңы екенін атап өтті. 

Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму проректоры Ж.Ж. Толысбаева ғылыми-пркатикалық конференция – оқытушылар мен студенттердің педагогикалық өзара іс-қимылының тиімді формаларының бірі, ұйымдық зерттеу қызметіне қажетті кезең. 

Ғылым апталығы кезінде дөңгелек үстелдер, конференциялар, Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасының таныстырылымы, 2 курс магистранттарының арасында «Science slam – ең үздік постерлік баяндама» конкурсы өтеді. Постерлік баяндаманың мақсаты бітіруші курстар магистранттарының ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсету.  OnerLab шығармашылық зертханасының жұмысы, таймлайн элементтері бар «Уақыт таспасы: «орындаушылар мен образдар. Қазақстандық балет солистерінің портрет галереясы» интерактивті жоба, хореография бойынша кейс-батлдар. 

Яндекс.Метрика